Алматылық ару Mrs Europe байқауында топ жарды
Қазақстандық ару, модель әрі блогер Светлана Петрова Mrs Europe байқауының жеңімпазы атанды.
Тарихта алғаш рет
Байқаудың финалы 19 қыркүйекте Эстонияда өтті. Петрова жеңісі туралы Threads желісіндегі парақшасында жазып, бұл атақтың Қазақстан өкіліне алғаш рет бұйырғанын атап өтті.
– Бүгін біз тарихтың жаңа бетін аштық. Қазақстан алғаш рет Mrs Europe атағын жеңіп алды. Бұл тәжді елімізге алғаш болып әкелу мен үшін үлкен мәртебе, – деп жазды Петрова.
Байқау қалай өтті?
Байқау бес күнге созылған. Қатысушылар әлеуметтік бастамаларын таныстырып, түрлі форумдарға қатысқан, қазылар алқасының сұхбатынан өтіп, бірнеше кезеңде бақ сынаған.
Сынақтардың бірі – Таллиннің тарихи бөлігінде өткен National Costume Walk ұлттық киімдер шеруі болды. Петрова бұл кезеңде Қазақстанның ұлттық киімін заманауи үлгіде таныстырды.
Светлана Петрова байқауға дейін 12 жылдан астам уақыт бойы маркетинг және SMM саласында еңбек етіп келеді. Ол жеке брендтерді дамыту, оқыту бағытында жұмыс істейді және өзінің блогын жүргізеді.
15:52
0
Facebook
Vkontakte
Telegram
Whatsapp
Нет комментариев.